Отбасы-әлеуметтік институт, қоғамның негізгі бірлігі, атап айтқанда, келесі белгілермен сипатталады: отбасы мүшелері жалпы өмірмен байланысты; некеге отыру; өмірге сәби әкелуге деген ұмтылыс; балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу және тәрбиелеу. Отбасы маңызды әлеуметтік құндылықтарға жатады.
Балаларды тәрбиелеу тек мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде ғана емес, үйде де, отбасында да болатынын бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан дені сау және ақылды балалар өсіргісі келетін әр отбасында олардың физикалық тұрғыдан дұрыс дамуына қам жасау керек. Бірақ ересектер тек балаларының ғана емес, сонымен бірге өздерінің физикалық жағдайларын да қадағалап отыруы тиіс. Егер бүкіл отбасы саламатты өмір салтын ұстанса, онда балалар сау болып өседі, ал олардың ата-аналарында денсаулықпен қиыншылықтары аз болады, ата-әжелері ұзақ өмір сүреді, көптеген дәрі-дәрмектерді қабылдаудың қажеті болмайды, себебі олар «бір жеріңді емдегенімен, басқа жеріңе зиян тигізеді». Осылайша, дене тәрбиесімен айналысатын отбасылар көбейген сайын бүкіл елдің денсаулығы нығайып, ақылы арта түспек.
Дене тәрбиесі екі негізгі топтан тұрады: қоғамдық (жалпыхалықтық) және өзіндік (жеке).
Қоғамдық топтың негізі-адамның физикалық мүмкіншілігін дамыту мен жетілдірудің әдістері мен құралдары туралы жалпы білім деңгейі. Дене тәрбиесінің бұл жалпы ғылыми және технологиялық әлеуеті адамның физикалық белсенділігі туралы, адам тәрбиесінде оларды жүзеге асырудың ережелері, әдістері мен шарттары туралы мамандандырылған білім жиынтығын қамтиды.
Жеке дене тәрбиесінің негізі-жеке адамның физикалық жетістіктері. Тұлғаның физикалық даму деңгейі оның физикалық мәліметтеріне, қабілеттеріне, біліміне және спорттық дайындығына байланысты. Дұрыс физикалық немесе қимыл-қозғалыстық белсенділік денсаулықты сақтау мен оған қолдау көрсетудің және дұрыс дамудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Бала туылғаннан кейін оның қимыл-қозғалысы күннен күнге арта түседі, бұл алдымен қол-аяқтарының қалай болса солай қозғалуымен көрініс табады, кейін уақыт өте бала бала еңбектейді, жүреді, жүгіреді, ойнайды. Дәрігерлерге қозғалысы аз балалар көбінесе дамудан артта қалатыны, басқаларға қарағанда тез шаршайтыны, ұйқының бұзылуынан және т.б. зардап шегетіні, сондықтан мұндай балалардан сау адам өсіп шықпайтыны баяғыдан белгілі. Әдетте, балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі жоғары қозғалыс белсенділігімен ерекшеленеді: олар бар ынтасымен жүгіреді, көп жаяу жүреді, спортпен шұғылданады.
Статистика көрсеткендей, физикалық белсенділікті шектеу балалардың да, ересектердің де ауруы мен өлімін арттырады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіздігінің салдары келесідей болуы мүмкін:
- бұлшықет және сүйек тіндерінің атрофиясы;
- өкпенің өмірлік сыйымдылығының төмендеуі;
- жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы;
- аяқ-қолда қанның тұрып қалуы;
- орталық жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі;
- зат алмасудың бұзылуы және т.б..
Қоғамдық және жеке дене шынықтыруды қалыптастырудағы маңызды бағыт отбасылық дене тәрбиесі болып табылады. Жалпы, "дене тәрбиесі" ұғымы өте жан-жақты. Оған жоғарыда аталған қимыл-қозғалыс белсенділігі, шынығу, дұрыс тамақтану, дұрыс күн тәртібі және т.б. кіреді, отбасындағы баланың дені сау болып өсуі үшін, ең алдымен, ата-аналар салауатты өмір салтын ұстануы керек. Дені сау бала ауырмайды, ол көңілді, белсенді және мейірімді болады, шапшаң, ақылды және күшті болып өседі, жағымды эмоциялары басым болады.
Балалардың денсаулығы үшін қажет дене тәрбиесі келесілерді өз ішіне алады:
- қимыл-қозғалыс белсенділігі, яғни дене тәрбиесімен айналысу;
- күн тәртібі;
- тиімді тамақтану;
- шынығу;
Мәселе, әр адамда өз биоритмдерінің болуында болып тұр. Олар өмірдің алғашқы апталарында баланың даму процесінде пайда болады, содан кейін олардың қалыптасуы жүреді. Баланың осы биоритмдерге сәйкес өмір сүруі және белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруы маңызды. Дәрігерлер мен ғалымдар циклдық процестердің бұзылуы баланың ауруына ықпал етуі немесе тіпті себеп болуы мүмкін екенін ұзақ уақыт дәлелдеді. Сондықтан күнделікті тәртіпті немесе күнделікті режимді сақтау өте маңызды. Алайда, ата - аналар күн тәртібі баланың өмірін қызықсыз және біркелкі ететіндей қатаң тәртіп емес екенін түсінуі тиіс. Тиімді күн тәртібі тұрақты және белгілі бір дәрежеде серпінді болуы керек. Бұл баланың жақсы бейімделуіне ықпал етеді. Ата-аналар күн сайын шамамен бір уақытта күнделікті өмірдің негізгі, атап айтқанда, ояну және ұйықтау, тамақтану, серуендеу сияқты құрамбөліктерін орындау керек екенін естен шығармауы қажет.
Баланың физикалық жаттығуын 1.5-2 айдан бастау керек. Нәрестелердің физикалық жаттығуларының негізгі құралдары-уқалау, рефлекторлық, пассивті, пассивті-белсенді және белсенді жаттығулар. Уқалауды күнделікті жасап отыру керек, алдымен педиатрмен кеңесу қажет. Рефлекторлық жаттығулар баланың денесінің бетінің тітіркенуіне жауап ретінде пайда болатын қозғалыстарға негізделген. Жаттығу ұзақтығы 8-12 минутты құрауы керек. Мұндай жаттығулар 3-4 айға дейін өткізіледі. 6 айда дене шынықтыру басқа жаттығуларды қамтиды. 9-10 айда дене жаттығуларының көлемі одан сайын арта түседі. Қазіргі кездегі басты міндет-баланың тірек-қимыл жүйесін серуендеуге дайындау. 11-12 айлық баланың жаттығуларының ұзақтығы қазірдің өзінде 15 минутты құрайды.
Екі жастағы балалардың физикалық белсенділігінің негізгі мәні – серуендеу, өрмелеу, кедергілерді жеңу, доппен, ойыншықпен, ілмекпен, таяқпен, арқанмен түрлі ойындар ойнау. Осы кезеңнің соңында судағы жаттығуларды қолдануға болады: шеңберде жүзу, тыныс алу жаттығулары, судағы түрлі ойындар және т.б. Осы кезеңдегі басты міндет - балаға дұрыс жүруді игеруге көмектесу, аяқтың, арқа мен іштің бұлшықеттерін нығайту, өйткені дұрыс дененің қалыптасуы күш жаттығуларына байланысты болады. Баланың физикалық белсенділігін ұйымдастырудың жалпы бағыты-оны жаңа қозғалыстарды дамытуға ынталандыру. Сабақ уақыты-15-20 минут.
Шынығу – дене тәрбиесінің негізгі құрамбөліктерінің бірі. Бала неғұрлым «жылырақ» жерде өссе, ода өткір респираторлық және басқа да аурулар соғұрлым жиірек пайда болады. Шынығу – организмнің денсаулыққа зиянды метеорологиялық және басқа факторларға төзімділігіне, тұрақтылығына қол жеткізуге бағытталған сауықтыру іс-қимылдарының кешенді жүйесі.
Сонымен, күн, ауа мен су, жылу мен суық адамның оның өмірге келген сәтінен бастап жақын досы болуы мүмкін, тіпті, тиіс. Ата-аналардың міндеті – медиктермен және педагогтармен бірге шынығудың балаларымыздың саламатты өмір салтының міндетті құрамбөлігі болуына қолдан келгеннің бәрін жасау.
«Аршалы ауданы, Аршалы кенті,
№13 психологиялық-педагогикалық
түзету кабинеті» КММ
ЕДШ нұсқаушысы
Балташева Г.Ж.