2020 жылдың 12 айында Ақмола облысы білім басқармасының "Аршалы ауданы, Аршалы кенті, №13 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ мемлекеттік қызмет көрсетілді:
1."Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" - 29;
2."Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау" - 0.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті көрсететін мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін үнемі іс-шаралар (семинарлар, педагогикалық кеңестер, дөңгелек үстелдер, ата-аналар жиналыстары, Ашық есік күні) өткізіледі.
Есепті кезеңде аудандық "Аrshaly ainasy" және "Вперед" газеттеріне Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 1 мақала жарияланды, таралымының жалпы саны – 2000 дана.
Мекеменің интернет-ресурсында 2020 жылғы 27 мамырдағы №223 жаңа қағидаларды, Мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқада, "Электрондық үкімет порталы" www.egov.kz арқылы түсіндіру жөніндегі ақпарат орналастырылған.
ППТК-ның барлық мамандары мемлекеттік қызметтер көрсету және ЕББҚ балалармен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Барлық нормативтерге сәйкес келетін "Электрондық үкімет порталы" арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, Мемлекеттік қызметтерді алу үшін ақпарат пен қажетті үлгілері бар стенд орнатылған.
Сембиева С.А.
«Аршалы ауданы, Аршалы кенті,
№13 психологиялық-педагогикалық
түзету кабинеті» КММ меңгерушісі