АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АРШАЛЫ АУДАНЫ, АРШАЛЫ КЕНТІ, №13 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "КАБИНЕТ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ КОРРЕКЦИИ №13, ПОСЕЛОК АРШАЛЫ, АРШАЛЫНСКИЙ РАЙОН" УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға арналған ақыл-кеңес «ҚОЛДЫҢ АЛАҚАНЫ МЕН САУСАҚТАРЫН УҚАЛАУ»

12.02.2021

Саусақтарды уқалау (бас бармақтан шылдыр шүмекке дейін)

Алдымен саусақтың ұшын уқалайды, кейін жайлап төмен қарай түседі. Бұндай уқалауды көңілді ұйқас сөздерді айта отырып жасаған абзал.

Алақанды алты қырлы қарындашпен уқалау

Қарындаш қырлары алақанға жақсы жатады және жүйке ұштарын оятады, жеңілдетеді. Бала қарындашты алақандарының ортасына қойып, алақан түбінен саусақтарының ұшына дейін айналдырсын. Балаларға қарындашты бір не екі-үш саусақтың арасынан өткізуді, оны оң және сол қолдарында белгілі бір күйде ұстап тұруды үйретеді.

Қол саусақтарын сақиналармен уқалау

Бес кішігірім сақинаны сол қолдың әр саусағына бір-бірден кигіземіз, кейін – оң қолдың әр саусағына солай істейміз. Кигізгенде әр саусақты атымен атаймыз, мәселен, бас бармақ, сұқ саусақ және т.с.с.

Грек жаңғақтарымен уқалау

а) екі жаңғақты алақандар арасында домалатау;

ә) бір жаңғақты саусақтар арасында домалату;

б) бірнеше жаңғақты икемді қолдың ашық саусақтары арасында ұстап тұру;

в) қос қолдың саусақтары арасында бірнеше жаңғақты ұстап тұру.

Алақанды тастан, металдан және әйнектен жасалған түрлі-түсті шариктермен уқалау

Балаларға жай ғана қолда айналдыруға, оларды саусақтармен шертіп, «атуға», арнайы астаушалар мен шұңқырларға бағыттауға болатын шариктер ұсынылады. Дәлдікке сайыстыруға болады. Кішкентай шарикті жіпке іліңіз. Сәби осы шарикті шертсін (әр саусағымен кезек-кезек).

Моншақпен уқалау

Моншақтарды теру саусақтарды дамытады, жүйкені тыныштандырады. Осы уақытта моншақтарды санауға болады (тура және кері ретпен).

Просмотров: 330


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст